25.09.2017, 18:49 4982

Астанада тұрақты даму статистикасы мақсаттары бойынша теxникалық жиналыс өтуде

Астанада 25-27 қыркүекте тұрақты даму статистикасы мақсаттары бойынша теxникалық жиналыс өтіп жатыр. Жиналыстыӊ негізгі ұйымдастырушысы ҰЭМ Статистика комитеті мен Қазақстандағы БҰҰ жүйесі.

Астана. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада 25-27 қыркүекте тұрақты даму статистикасы мақсаттары бойынша теxникалық жиналыс өтіп жатыр. Жиналыстыӊ негізгі ұйымдастырушысы ҰЭМ Статистика комитеті мен Қазақстандағы БҰҰ жүйесі.

Жиналысқа мемлекеттік органдардыӊ, бизнес-құрылымдар,ғылыми-зерттеу ұйымдарыныӊ өкілдері және Dev Stat Испания, Молдова ұлттық статистика бюросы, Сербия ұлттық статистикалық офисі және т.б. қатысуда.

2016 жылғы 1 қаӊтарда әлем 2030 жылға дейінгі кезеӊге тұрақты даму саласындағы Күн тәртібін - жедел жаһандық мәселелерді алдағы он бес жыл ішінде шешу үшін тұрақты даму саласындағы 17 мақсат негіз ретінде алынған белсенді қайта құру жоспарын іске асыруға ресми түрде кірісті.

Қазақстан Президенті - Н.Назарбаев 2030 жылға дейінгі кезеӊге тұрақты даму саласындағы Жаӊа күн тәртібі туралы БҰҰ 70-ші Бас Ассамблеясында айта келіп, БҰҰ жаӊа құжатыныӊ бағыттары мен мақсаттары Қазақстанныӊ басымдылықтары және міндеттерімен толығымен сәйкес келетінін атап өтті.

Илемніӊ дамыған 30 елдіӊ қатарына кіруді қамтамасыз етуге бағытталған "Қазақстан -2050" Стратегиясы заманауи шақыруларға біздіӊ еліміздіӊ жауабы болып табылады. Мемлекеттік басқару аппаратын модернизациялау, азаматтық және құқықтық институттар жұмысын жетілдіру, экономиканы бұдан әрі индустриализациялауға бағытталған "Бес институционалдық реформа" Ұлттық жоспары іске асырылуда.

ТМД-ныӊ мониторингісін және тиісті міндеттерді жүзеге асыру үшін деректерді қамтамасыз етудегі басты рөлді ресми статистика орындайтыны туралы тұрақты даму мақсаттарыныӊ №17 мақсатында атап өтілді.

Тұрақты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу көрсеткіштері бойынша БҰҰ-ныӊ сарапшылық және мекемеаралық тобы 244 индикатор (232 бірегей) қосатын ТДМ мониторингісі үшін жаһандық кіретін көрсеткіштер тізімін әзірледі. Бұл тізім 3 деӊгейге бөлінген: 1 - көрсеткіштер көп елдерге қол жетімді, әдіснама келісілген; 2 - деректер тек бір шама елдерде бар, әдіснама келісілмеген, 3 - деректер жоқ болуы, әдіснама келісілмеген.

2030 жылға дейінгі кезеӊге Тұрақты даму саласындағы Күн тәртібініӊ "Ешкім ұмытылмауы тиіс", қағидатына байланысты-жынысы, жасы, этникалық ерекшеліктері, денсаулық жағдайы (мүгедектік), табыс деӊгейі бойынша және тағы басқа статистикалық деректерді дезагрегаттау қажеттілігі ұлттық статистикалық органдар үшін еӊ басты міндеті болып табылады.

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті ұлттық деӊгейде ТДМ мониторингісініӊ кешендік жүйесін енгізуде белсенді жұмыс істеуде: статистикалық жүйе түзетін әзірленетін ТДМ жаһандық индикаторларыныӊ қолжетімділігіне бағалау жүргізіледі, БҰҰ ЕЭК, ЮНЕП және ФАО халықаралық сарапшылардыӊ қатысуымен статистика бойынша бірнеше тақырыптық семинар өткізілді, бірінші техникалық мәжілісі ағымдағы жылғы қыркүйектіӊ аяғында болатын ТДМ статистикасы бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны