01.04.2010, 15:28 3237

Астанада тұратын бір әйел Қарағандыдан шамамен 300 грамм героин жеткізуге әрекет жасады

Астанада тұратын бір әйел Қарағандыдан шамамен 300 грамм героин жеткізуге әрекет жасады

Көкшетау. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Астанада тұратын бір әйел Қарағандыға шамамен 300 грамм героин жеткізуге әрекет жасады. "Мерседес-Бенц" маркалы таксиге мінген 40 жастағы әйелді Ақмола және Қарағанды облыстық ІІД-нің есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері 31 наурызда Алматы - Екатеринбург күре жолында Аршалы ауданында ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД хабарлауынша, "есірткі тасушыны ұстау іс-шарасына тәртіп сақшылары ертеден дайындалған. өйткені, Астанада тұратын жұмыссыз әрі бұған дейін де осы тектес қылмысы үшін соталған әйел бұған дейін де тәртіп сақшыларының назарына талай іліккен болатын".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "28 жастағы жігіт айдаған "Мерседес-Бенц" маркалы таксиге мінген әйел ішінде ақ ұнтақ заты бар, Қарағандыдан әкеле жатқан дорбаны тіпті де жасыруға талпынған жоқ. Героин әйелдің сөмкесінде болған".

Ұсталған әйел - 20 және 16 жастағы екі баланың анасы.

Есірткі тасушының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 259-шы бабының 1-1 тармағы (есірткілік заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, ұқсату, жөнелту, өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қазір есірткінің алыну көзін анықтау мақсатында іс-шаралар жүргізілуде", - деп хабарлайды ІІД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны