25.02.2014, 20:25 4903

Астанада тұрғын үй құрылысында "жасыл" технологияны қолдану бойынша әріптестік туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін "Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ 6 ұйыммен арада инновациялық даму бойынша тұрғын үй құрылысында "жасыл" технологияны қолдану бойынша әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Алматы. 25 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін "Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ 6 ұйыммен арада инновациялық даму бойынша тұрғын үй құрылысында "жасыл" технологияны қолдану бойынша әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қойғандар "Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ, "Astana Solar" ЖШС, "ECODOS engineering" ЖШС-де таныстырылған "ECODOM" Қазақ-Ресей Консорциумы, сонымен қатар С.С.Кутателадзе атындағы Жылуфизика институты (Новосібір), "Экодом" АҚБ (Новосібір), "Қазақстандық ТКШ жаңғырту мен дамыту орталығы" АҚ, "KazGBC "жасыл" экономика бойынша қазақстандық кеңес" кеңесі мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ.

"Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ басқарушы директоры Мұқан Жолдасовтың айтуынша, меморандум аясында ұйымдар тұрғын үй құрылысында инновацилық, энерготиімді, экологиялық технологиялар жұмысында әріптестік танытуға мүдделі, сонымен қатар аталмыш мәселер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына да қатыспақ.

Сонымен қатар, М.Жолдасов жоспарланған біріккен қанатқақты жоба туралы да айтты.

"Экоүйдің қанатқақты жобасы көпқабатты үйлерге алдыңғы қатарлы технологияларды қолдануға мүмкіндік беріп, оның артықшылықтарын танытып, ғылыми-зерттеу жұмыстарында біріккен жобаларды іске асыруға жол ашады", - дейді М.Жолдасов.

С.Кутателадзе атындағы Жылу физика институты директоры Сергей Алексеенконың айтуынша, Сібір мен Қазақстанның солтүстігінің табиғи және климаттық жағдайлары ұқсас. Сібірдің алдыңғы қатарлы ғылыми әлеуеті болса, Қазақстан осы жобаларды іске асыруға ыңғайлы климатқа ие.

"Менің ойымша, біздің альянс шын мәніндегі инновациялық жобаны құрып, бұл өнім халық тарапынан қолдау табумен шектелмей, әлемдік деңгейде қызығушылық тудырады", - дейді С. Алексеенко.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны