11.09.2015, 09:38 4392

Астанада Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеӊесіне мүше мемлекет басшыларыныӊ Саммиті өтеді

Бүгін Астанада Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеӊесіне мүше мемлекеттер басшыларыныӊ қатысуымен Саммит өтеді

Астана. 11 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеӊесіне мүше мемлекеттер басшыларыныӊ қатысуымен Саммит өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ТМЫК Саммитініӊ негізгі тақырыбы ақпарат саласында ынтымақтастық болмақ. Кеӊеске қатысушы елдердіӊ Мемлекет басшылары осыған дейін өткен саммитердіӊ қорытындысын жасап, жаӊа міндеттерді анықтайды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Естеріӊізге сала кетейік, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеӊесі - ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамыту мақсатымен қазіргі заманғы түркітілдес елдердіӊ басын біріктіретін халықаралық ұйым. Түркі кеӊесі 2009 жылы 3 қазанда Изірбайжанда Нахичевани қаласында құрылды. Түркі кеӊесініӊ құрамында Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия елдері бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны