19.10.2016, 16:59 4238

Астанада түркітілдес мемлекеттердіӊ арнаулы қызметтері террористік қауіп-қатерлермен күрес мәселелерін талқылады

Іс-шараға Түркия, Изірбайжан және Қырғызстан делегациялары, ал бақылаушылар ретінде Ресей мен Украинаныӊ өкілдері қатысты.

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - Астанада түркітілдес мемлекеттердіӊ арнаулы қызметтері жаһандық террористік қауіп-қатерлерге бірлесіп әрекет етуді ұйымдастырудыӊ өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Астана қаласында 18 қазанда Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаев атындағы Ұлттық қорғаныс университетініӊ базасында ҰҚК Төрағасыныӊ басшылығымен түркітілдес мемлекеттердіӊ арнаулы қызметтері Конференциясыныӊ XIX отырысы өткізілді.

Отырыс қатысушыларына Қазақстан Республикасы Президентініӊ көмекшісі - Қауіпсіздік Кеӊесініӊ Хатшысы Владимир Жұмақанов құттықтау сөзін жеткізді.

Іс-шараға Түркия, Изірбайжан және Қырғызстан делегациялары, ал бақылаушылар ретінде Ресей мен Украинаныӊ өкілдері қатысты.

Отырыс барысында жаһандық террористік қауіп-қатерлерге бірлесіп әрекет етуді ұйымдастырудыӊ өзекті мәселелері талқыланды. Делегация басшыларымен болған кездесу нәтижесі бойынша қорытынды құжатқа қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны