15.04.2008, 16:17 3164

Астанада тұтқындалған жүргізушіден полиция қызметкерінің жалған куәлігі тәркіленді

Астанада тұтқындалған жүргізушіден полиция қызметкерінің жалған куәлігі тәркіленді

Астана. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Астанада тұтқындалған жүргізушіден полиция қызметкерінің жалған куәлігі тәркіленді. Бұл туралы бүгінгі брифингте Астана қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жанат Битенов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қалалық ІІД сыбайласқан жемқорлық қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде "Ауди-А6" көлігі тоқтатылған. Оның жүргізушісінен полиция қызметкерінің жалған куәлігі табылып, тәркіленген. Сондай-ақ, одан екі бейсбол таяғы мен "Оса" пистолеті тәркіленді", - деді Ж. Битенов.

Сонымен бірге, оның айтуынша, тұтқындалғанның көлігінен қолданыстағы заң ережелерін бұза отырып "еркін айналымда тыйым салынған дыбыс зорайтқыш қондырғылар" орнатылған.

"Қазіргі уақытта аталмыш оқиға бойынша тергеуге дейінгі тексерулер жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілу үстінде", - деп сөзін түйді Елорда ІІД басқармасының бастығы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны