08.07.2010, 10:47 1397

Астанада үй аулаларында жаяу жүргіншілерді көлікпен қағу оқиғалары жиілеп кетті

Атап айтқанда, полиция қызметкерлерінің ақпаратына сүйенсек, 5 шілде күні кешқұрым Lexus көлігін басқарған Өзбекстан азаматшасы 4 жасар баланы қағып кеткен. Бала есін жимастан ауруханада жан тапсырған.

Астана. 8-шілде. Kazakhstan Today Астанада үй аулаларында жаяу жүргіншілерді көлікпен қағу оқиғалары жиілеп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Астана қалалық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, полиция қызметкерлерінің ақпаратына сүйенсек, 5 шілде күні кешқұрым Lexus көлігін басқарған Өзбекстан азаматшасы 4 жасар баланы қағып кеткен. Бала есін жимастан ауруханада жан тапсырған.

Сонымен қатар, Елордада осы ай басталғалы бері 6 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның салдарынан 6 адам әртүрлі дене жарақаттарын алса, 1 адам қайтыс болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны