08.09.2009, 15:51 2834

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері автокөліктің басқару блоктарын ұрлап, оны қайтадан иелеріне сатып жүрген - ІІД

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері автокөліктің басқару блоктарын ұрлап, оны қайтадан иелеріне сатып жүрген - ІІД

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері автокөліктің басқару блоктарын ұрлап, оны қайтадан иелеріне сатып жүрген. Бұл туралы Астана қалалық ІІД төрағасының бірінші орынбасары Жанат Битенов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Жанат Битеновтың айтуынша, Астана қалалық тәртіп сақшылары арнайы жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде "Мерседес" көлігінің бөлшектерін ұрлаумен айналысып жүрген әрбіреуінде үш адамнан бар 3 қылмыстық топты құрықтады.

Астана қалалық Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасарының айтуынша, соңғы уақытта "Мерседес" көлігінің басқару блогының бағасының қымбаттығы мен оны орналастырудағы жеңілдігі көлік ұрлаумен айналысатын ұрылардың басты нысанына айналған.

Оның мәліметтеріне қарағанда, ұрылар базарда 1000 АҚШ долларына шамасында бағаланатын аталмыш бөлшектерді базардағы бағасынан әлдеқайда арзанға, яғни 80-100 мың теңгеге оп- оңай сатып жүрген. Ал олардың сатып алушылары - көп жағдайда сол ұрылардан зардап шеккен азаматтар. "Олардың арасында тіпті өзінің көлігінен ұрланған бөлшекті өздері сатып алған жүргізушілер де бар. Ұрылардың бұл кәсіпке құныққаны соншалықты олар шеберліктері шыңдалып, аталмыш құрылғыны әп-сәтте ұрлап алатын болған. Сөйтіп, олар күніне бірнеше көліктің бөлшектерін ұрлайтын жағдайға жеткен. Ұрылар кәсіптерін түнді қойып, енді күндіз де жасауға шыққан. Қазіргі таңда қылмыскерлердің барлығы да қолға түсіп, олар осындай 16 ұрлық жасағандығы дәлелденіп отыр. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 175-ші бабы (ұрлық, яғни бөтен мүлікті бірнеше мәрте жасырын ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір ұрылар уақытша ұстау абақтысына жатқызылып, олардың өзге қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде" деді Ж.Битенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны