10.01.2007, 15:08 3138

Астанада үкімет басшысы лауазымына кандидатура ұсынылатын парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

АСТАНА. 10-қаңтар. Kazakhstan Today. Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Онда мемлекет басшысы премьер-министр лаузымына кандидатураны ұсынады деп күтілуде ,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Отырысқа сенаттың 34, мәжілістің 70 депутаты қатысып отыр.

"Қажетті кворум қалыптасты",- деді отырысты ашқан мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов.

Қазақстанның Ата заңына сәйкес, президент үкімет басшысын парламенттің келісіміне сәйкес тағайындайды. Парламент шешімді палаталардың бірлескен отырысында қабылдайды.

Бұрын да хабарлағанымыздай, өткен дүйсенбіде Нұрсұлтан Назарбаев Даниал Ахметов басқарған үкіметтің отставкасын қабылдады. Д.Ахметов республика үкіметін 2003-жылдың маусым айынан бері басқарып келді.

Д.Ахметов үкіметінің соңғы құрамына вице-премьер Кәрім Мәсімов, ІІМ Бауыржан Мұхамеджанов, денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой, индустрия және сауда министрі Владимир Школьник, СІМ Қасым-Жомарт Тоқаев, мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев, қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев, білім және ғылым министрі Бірганым Ийтімова, қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов, төтенше жағдайлар министрі Шалбай Құлмаханов, ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов, көлік және коммуникациялар министрі Серік Ахметов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова, туризм және спорт министрі Темірхан Досмұханбетов, қаржы министрі Наталья Коржова, экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусин, энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов, әділет министрі Зағипа Балиева енді. Үкімет басшысының кеңсесін Алтай Тілеубердин басқарды.

Жаңа үкімет құрамы жасақталғанға дейін үкіметтің мүшелері өз міндеттерін атқара береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны