29.12.2009, 16:54 2993

Астанада ҰҚК қызметкерлерінің 110 отбасы жаңа пәтерлерге ие болды

Астанада ҰҚК қызметкерлерінің 110 отбасы жаңа пәтерлерге ие болды

Астана. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - Астанада ҰҚК қызметкерлерінің 110 отбасы жаңа пәтерлерге ие болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҰҚК қызметкерлерінің 110 отбасы Жаңа жыл қарсаңында жаңа пәтерлерге кіретін болды.

Бүгін Астанада құрылысшылар көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің екі блогын пайдалануға берді.

ҰҚК басшысы генерал-лейтенант Иділ Шаяхметов қоныстанушыларды құттықтап, құрылысшыларға өзінің алғысын білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны