31.08.2011, 17:29 7589

Астанада ҰҚТ аса қауіпті мүшелері тұтқындалды

Астана қаласы ІІД қызметкерлері Астана қаласы ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың үш белсенді мүшесін ұстаған. Бұл туралы Астана ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Астана. 31-тамыз. Kazakhstan Today - Астанада ҰҚТ аса қауіпті мүшелері тұтқындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агеттігінің хабарлауынша, Астана қаласы ІІД қызметкерлері Астана қаласы ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың үш белсенді мүшесін ұстаған. Бұл туралы Астана ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, шұғыл қызметкерлерге бұрын сотты болған, Қарағанды облысының тумалары - ұсталғандар елорданың аумағында жасырынып жүргені белгілі болған.

"Бұл тұлғалардың қолында әскери тапанша бар екені анықталды және олар бұрын оқ-дәрiмен атылатын қаруды сатып алып, өткізіп отырған", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі анықтағандай, "Арлан" арнайы жасағының жауынгерлері оларға қару қолдануға мүмкіндік бермей, қылмыстық топтың барлық қатысушыларын тұтқындады.

"Ұстау барысында қылмыскерлерден 9 мм Макаров тапаншасы, "наган" жүйесіндегі револьвер және олардың жүзге тарта оғы алынды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің дерегіне қарағанда, бұл қылмыстық топ 25 тамызда азамат "Р-ны" тонап кеткен. Қазір ұсталғандардың өзге қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны