29.04.2014, 19:22 4804

Астанада ҰОС ардагерлері баспанамен қамтылған - әкімдік

Қалада бірқатар әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған, деп қала әкімдігінен хабарлады. Ай сайын 5 АЕК көлемінде коммуналдық қызметтер секілді әлеуметтік төлемдер бойынша қолғабыс көрсетіліп тұрады.

Алматы. 29 сәуір. Kazakhstan today. Ұлы Отан соғысының ардагерлері 2009-2013 жылдар аралығында толықтай баспанамен қамтылды, яғни 218 пәтер берілген.

Жалпы, Астанада ҰОС-ның 258 ардагері шоғарланған.

Қалада бірқатар әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған, деп қала әкімдігінде хабарлады. Ай сайын 5 АЕК көлемінде коммуналдық қызметтер секілді әлеуметтік төлемдер бойынша қолғабыс көрсетіліп тұрады.

Оған қоса, Астанада ҰОС ардагерлері мен мүгедектері қалалық қоғамдық көлікте тегін жүреді. Сондай-ақ, шипажай, демалу орындары, тіс емдету, дәрілік қамту сынды үрдістердің барлығы тегін түрде жүзеге асады.

Хабарламада айтылғандай, жыл сайын соғыс ардагерлеріне Астанада Жеңіс күніне орай бір реттік материалдық көмек көрсетіледі (2013 жылы 150 мың теңге брілді), ҚР Презиенті күніне (2013 жылы 20 мың теңгеден берілді).

Айта кету керек, 2014 жылдың қаңтар айынан бастап ардагерлердің өмір сүруіне жайлы жағдай жасау бойынша айтарлықтай жұмыстар жасалды. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 26 ардагер тұрғын үйін жөндеуге мұқтаж. Осы орайда 7 пәтердің қазірдің өзінде жөнделгені анық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны