07.10.2008, 14:40 1301

Астанада үш адамды өлтірген күдіктілер ұсталды

Астанада үш адамды өлтірген күдіктілер ұсталды

Астана. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада үш адамды өлтірген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың қыркүйек айының аяғында Автоматика ауылының аумағында үш ер адам асқан қатыгездікпен өлтіріліп, бір әйел жарақаттанған болатын.

"Оқиға орнына барған оперативтік қызметкерлер кісілердің өлімі шыққан жерде жынойнақ болғанын анықтаған. Сөйтіп олар бір аптаның ішінде қылмыскерлердің ізіне шықты. Кісі өлтіргіштер сол ауылда тұратын 18 жастағы екі жігіт пен 16 жастағы бозбала болып шықты", -деп хабарлайды баспасөз қызметі. Оларды 10-20 жылға дейін бас бостандығынан айрылу немесе өмір бойы түрмеде қамауда отыру жазасы күтіп тұр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны