Система Orphus

Астанада үздік әлеуметтік жобаға байқау жарияланады

18.07.2014, 19:28 2016

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan today. Астанада "Қазақстанда жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар" екінші республикалық байқауы жарияланды, - деп хабарлайды қала әкімдігі.

Байқау аймақтық деңгейде ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында өткізіліп, қыркүйек айында республикалық көрмемен аяқталады. Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу үшін арнайы қалалық комиссия құрылды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шешімімен екінші рет "Қазақстанда жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар" руспубликалық байқауы жарияланды. Байқау аймақтық деңгейде ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында өткізіліп, қыркүйек айында руспубликалық көрмемен аяқталады.

Астанада "Мейірімділік-М" қайырымдылық ұйымы" ҚБ байқауға қатысуға ниет танытып "Салауатты Қазақстан" жобасын ұсынды.

Аталмыш жоба арқылы мүмкіндігі шектеулі балалар өздерінің шығармашылық әлеуеттерін шыңдауда. Олар қолөнер жұмыстарымен айналысады (ұлттық киім, кәдесыйлар, картиналар және т.б.). Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары дайын бұйымдарды сату арқылы қосымша табыс табу мақсатында жұмысқа қабылданады.

"Салауатты Қазақстан" жобасын жүзеге асыру арқасында мүмкіндігі шектеулі балаларын тәрбиелеп отырған 7 ана тәрбие жұмысымен қатар қосымша табыс тауып, сүйікті істерімен шұғылдануда.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны