03.06.2014, 20:12 2685

Астанада зағип балаларға арналған балабақша ашылады

2015 жылы Астанада зағип балаларға арналған балабақша ашылады. Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясы барысында қалалық білім беру басқармасының жетекшісі Эльмира Суханбердиева мәлімдеді.

Алматы. 3 маусым. Kazakhstan today. 2015 жылы Астанада зағип балаларға арналған балабақша ашылады. Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясы барысында қалалық білім беру басқармасының жетекшісі Эльмира Суханбердиева мәлімдеді.

"2015 жылы соқыр балаларға арналған балабақшаның құрылысы басталады. Жыл санап мұндай топтағы бүлдіршіндердің саны артып келеді", - дейді Э.Суханбердиева.

Сонымен қатар, көмескі көретін балаларға арналған №23 балабақшасының базасында алғаш рет соқыр балаларға арналған топ ашылды.

"Осыған орай ата-аналардың сұрауымен №23 балабақшаның базасында алғаш рет соқыр балаларға арналған топ ашылды. Қазірде топта жеті бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Олардың ата-аналары ұжым жұмысына әбден қанағаттанады. Олардың сәбилеріне арналған арнайы ойыншықтар мен құрылғылар да қамтамасыз етілген", - дейді білім беру басқармасы жетекшісі.

Айта кету керек, аталмыш топтың ашылуы мен болашақта тұтастай балабақшаның салынуы мұндай топтағы бүлдіршіндердің еркін тәрбиеленуіне мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны