03.09.2010, 15:58 3911

Астанада жаңа медиаорталық салынатын болады - Назарбаев

Астанада жаңа медиаорталық салынатын болады. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге "Изумрудный квартал" тұрғын үй кешенін аралау барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 3 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада жаңа медиаорталық салынатын болады. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге "Изумрудный квартал" тұрғын үй кешенін аралау барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бұл жерде "Қазақстан" және "Хабар" телеарналары орналасатын жаңа медиа-кешен бой көтереді. Бұл жерге басқа телеарналар да келетін болады", - деді Н.Назарбаев.

Президент жаңа медиа-кешеннің фильмдер мен қоғамдық іс-шараларды бейнеге түсіруге болатын кең көлемді студиялармен жабдықталатынан атап өтті.

Бұрын хабарлағанымыздай, Астанада еліміздің барлық жетекші БАҚ өз шаңырағының астына алып, біріктіретін жаңа телерадиокешенінің құрлысы басталып та кеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны