13.10.2009, 12:01 1957

Астанада жексенбі күні болған ірі жол апатына кінәлі адам 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылу мүмкіндігі бар

Астанада жексенбі күні болған ірі жол апатына кінәлі адам 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылу мүмкіндігі бар

Астана. 13 қазан. Kazakhstan Today - Астанада жексенбі күні болған ірі жол апатына кінәлі адам 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылу мүмкіндігі бар. Бұл туралы Астана қалалық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазіргі жағдаймен "Тойота Камри" көлігін жүргізуші қыз Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 296-шы бабы (көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы салдарынан абайсызда кісі өліміне әкеп соқтыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол бойынша 10 жылға дейін абс бостандығынан айрылу қаупі бар",- деді Н. Ораз.

"Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Екі жүргізуші де апат кезінде мас болмаған", - деді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, "қазіргі жағдаймен ауруханада жатқандар саны кеше айтылғандай 7 адам емес, 4 адам".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "жексенбі, 11 қазан күні сағат 16.10-да Московская және Бейбітшілік көшелерінің қиылысында 27 жастағы "Тойота Камри" көлігінің жүргізушісі 30 жастағы кәсіпкер айдаған "Фольксваген Пассат" көлігімен соқтығысты. Апат кезінде "Фольксваген" көлігі адамдар тұрған тротуарға қарай лақтырылған.

"Соның салдарынан екі адам қаза тауып, 7 адам, соның ішінде бес әскери түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Жүргізушілердің кінә деңгейі анықталып жатыр. Екі жүргізуші де мас болмаған", - деді ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны