19.02.2014, 19:32 3344

Астанада Жемқорлыққа қарсы орган қауымдастығының 8-ші халықаралық конференциясы өтеді

"Осы жылдан бастап Қазақстан Халықаралық жемқорлыққа қарсы академияның мүшесі атанды, ол 2010 жылы БҰҰ жанынан құрылған болатын. Енді Қазақстандағы құқық қорғау органдары ынтымақтастық және қарым-қатынастық жағынан біліктілікті көтеру мен халықаралық стандартты қолдану шарасы жүргізілуде", - деді А. Лукин.

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan today. Астанада ағымдағы жылдың қыркүйегінде Жемқорлыққа қарсы орган қауымдастығының 8-ші халықаралық конференциясы өтеді.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Лукин мәлімдеді.

"Халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты күшейту мақсатында біздің бастамамыз бойынша 2014 жылдың қыркүйегінде Астанада Жемқорлыққа қарсы орган қауымдастығының 8-ші халықаралық конференциясы өтеді", - деді А. Лукин.

Оның ақпаратынша, жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Франция, Түркия, Қытай, Испаия, ТМД өзге елдерімен 19 келісім шарт орнатылған болатын.

Сондай-ақ, Еуропалық алаяқтыққа қарсы бюромен келіссөз орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

"Осы жылдан бастап Қазақстан Халықаралық жемқорлыққа қарсы академияның мүшесі атанды, ол 2010 жылы БҰҰ жанынан құрылған болатын. Енді Қазақстандағы құқық қорғау органдары ынтымақтастық және қарым-қатынастық жағынан біліктілікті көтеру мен халықаралық стандартты қолдану шарасы жүргізілуде", - деді А. Лукин.

Аталмыш шаралар, оның айтуынша, мемлекеттің имиджін жоғары дәрежеге көтеріп, Қазақстанда жемқорлыққа қарсы шараларды енгізуге септігін тигізеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны