22.04.2014, 20:28 3096

Астанада Жеңіс күні қарсаңында 60 шақты мерекелік шара ұйымдастырылады

Сонымен қатар, елордада "Ұлы Жеңіс қаһармандарының тағдыры" атты дәстүрлі акция өтеді. Акция бойынша қала көшелеріндегі билбордтарда батырлардың суреттері ілінеді.

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan today. Астанада Жеңіс күні қарсаңында 60 шақты мерекелік шара ұйымдастыру жоспарланған.

Қала әкімігінің хабарлауынша, шаралар бағдарламасына 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында алған жарақатынан қайтыс болған әскерилердің мазарына гүл шоқтарын қою салтанаты мен Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт, жас орындаушылар мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өтетін әскери-патриоттық әндер фестивалі, "Отан қорғаушылар" монументіне тағзым ету мен әскери жылдардағы әндер шырқалатын концерт және басқа шаралар қарастырылған.

Сонымен қатар, елордада "Ұлы Жеңіс қаһармандарының тағдыры" атты дәстүрлі акция өтеді. Акция бойынша қала көшелеріндегі билбордтарда батырлардың суреттері ілінеді.

Астана қаласы ардагерлеріне Жеңіс күні қарсаңында 150 мың теңге көлеміндегі бір реттік әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Ал соғысқа қатысқандармен және мүгедектермен тең кісілерге 20 мың теңге, ардагерлердің жесірлеріне 10 мың, тыл ардагерлеріне 10 теңгеден беріледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны