31.03.2010, 14:53 7266

Астанада жергілікті тұрғыннан бір келіден астам героин алынды

Астанада жергілікті тұрғыннан бір келіден астам героин алынды

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Елорданың полиция қызметкерлері Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті өкілдерінің қатысуымен бірнеше грамм героин сату кезінде 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оның пәтерін тінту кезінде сатуға арналған 2 кг астам героин алынды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысының Қордай ауданында Өзбекстан тұрғынын ұстады, одан салмағы 1 кг "афгандық чарс" деп аталатын, героин мен наша қосындысы болып табылатын есірткі алынды. Оның бұрын Қырғызстан мен біздің еліміздің мемлекеттік шекарасынан заңсыз өткені анықталды",- деді Қ.Жұманов.

Сондай-ақ, оның хабарлауынша, көлік полициясы қызметкерлері Ақтөбе қаласының темір жол вокзалында Өзбекстанның 25 жастағы азаматын ұстады, оның сөмкесінен алынған жаңа аяқ киімнің табанынан 300 граммға жуық героині бар 2 қаптама табылды. Ал Шу станциясының темір жол вокзалы жанында Жамбыл облысының тұрғыны ұсталып, қызметтік-іздестіру иттің көмегімен оның спорттық сөмкесінен 3 кг гашиш табылып, тәркіленді.

"Қарағанды қаласында есірткіні сақтағаны үшін бұрын сотталған 48 жастағы қала тұрғыны ұсталып, оның пәтерінен салмағы 2 кг астам героин тәркіленді. Полиция қызметкерлері Павлодар қаласының 19 жастағы азаматшасының пәтерінен қапталып, сату үшін дайындалған 400 грамнан астам героинді тауып, тәркіледі",- деді ол.

ІІМ өкілінің мәліметінше, жалпы апта ішінде 1767 қылмыс жасалды, оның ішінде "ізін суытпай" 1370, бұрын жасалған 276 қылмыс ашылды. Қылмыс жасағанына 35 күдікті табылды. 158 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткі сатудың 57 фактісі анықталды, 36 кг есірткі тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны