17.01.2013, 09:41 8685

Астанадағы ЭКСПО көрмесіне 100 шақты ел қатысуы мүмкін

Кеше Астанадағы баспасөз конференциясында Халықаралық көрме бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес осындай болжам айтты.

Астана. 17-қаңтар. Kazakhstan Today - 2017 жылы Астанада өткізу көзделіп отырған мамандандырылған ЭКСПО көрмесіне 100 шақты ел қатысуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше Астанадағы баспасөз конференциясында Халықаралық көрме бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес осындай болжам айтты.

Көрменің "Болашақ энергиясы" тақырыбы көптеген елдер үшін өте маңызды. Қазір көрменің әлеуетті қатысушыларына қатысты қандай да бір санды айту өте қиын. Шамамен 100 шақты ел болуы мүмкін, бұл өте жақсы сан", - деді Лоссерталес мырза.

Сонымен қатар ол, БҰҰ-на мүше елдердің саны 192 болғандықтан, қатысушылар саны да артуы мүмкін екендігін жоққа шығарған жоқ.

ХКБ бас хатшысының пікірінше, басты көрсеткіш - көрменің өткізілу сапасы болып табылады. "Біз қатысушы елдердің саны бойынша рекорд жасаудан аулақпыз. Біз дайындалатын павильондардың сапасы лайықты деңгейде болуына ұмтылудамыз. Біз көрмеге келушілердің көңілінен шыққымыз келеді. Ең басты өлшем - сапа", - деді Лоссерталес.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны