25.04.2014, 19:43 5116

Астанадағы игерілмеген жерлерді қайтару жұмыстарын жалғастыру керек - Н.Назарбаев

"Елорданың жері - қаланың маңызды экономикалық активі болып табылады. Бүгінде бас прокуратураның мәліметінше, қалада 15 мың гектарды құрайтын 800-дей жер телімі игерілмей тұр. Оны қайтару жұмыстарын жалғастыру керек. Бүгiнгi таңда 254 жер учаскесi алынды және бұл жерлердi инвесторларға беру қажет. Олар бұл жер учаскелерiн қуана алып, онда құрылыс жүргiзетiн болады", - дедi Н.Назарбаев.

Алматы. 25 сәуір. Kazakhstan today. Елорданы ары қарай дамытуға арналған жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы игерілмеген жерлерді қайтару жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

"Елорданың жері - қаланың маңызды экономикалық активі болып табылады. Бүгінде бас прокуратураның мәліметінше, қалада 15 мың гектарды құрайтын 800-дей жер телімі игерілмей тұр. Оны қайтару жұмыстарын жалғастыру керек. Бүгiнгi таңда 254 жер учаскесi алынды және бұл жерлердi инвесторларға беру қажет. Олар бұл жер учаскелерiн қуана алып, онда құрылыс жүргiзетiн болады", - дедi Н.Назарбаев.

Оның айтуынша, жер учаскелерi игерiлмей ғана қоймай, ол қоқыс үйiндiлерi учаскелерiне айналып бара жатыр.

"Мындай мәселе туындайды: жер учаскелерiнiң иелерi ескерту алған кезде оны өзге тұлғаларға, яғни туыстарының атына қайта ресiмдеп, жалтарып жатады. Сондықтан бұл мәселенi қарастырып, мұндай айла-амалдарға жол бермеу қажет", - деп толықтырды ол.

"Сулы жасыл бульвардың" өзiнде, қала орталығында қүрылыс жүргiзуге алынған бос жерлерге өз қоқыстарын шығара бастады. Бұл - тәртiпсiздiк. Бiз бұған қатысты ештеңе айтпай отырмыз", - дедi Мемлекет басшысы.

"Мұндай учаскелердi алып қою қажет. Бас прокуратураға қолданыстан алынған игерiлмеген учаскелердi қайта ресiмдеу бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Оларды жеке қарастырып, қажет болса игерiлмеген учаскелердi ескету алынғаннан кейiн сыйға тарту, сатуға тыйым салатын өзгерiстердi заңға енгiзудi тапсырамын", - деп түйiндедi ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны