05.09.2017, 22:23 3808

Астанадағы Қарағанды облысы Мәдениет күндеріне 1400-ден астам адам келді

Астанадағы этноауылда "Қазанат" ипподромыныӊ аумағында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме шеӊберінде Қарағанды облысыныӊ Мәдениет күндерініӊ ашылу салтанаты өтті.

Қарағанды. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанадағы этноауылда "Қазанат" ипподромыныӊ аумағында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме шеӊберінде Қарағанды облысыныӊ Мәдениет күндерініӊ ашылу салтанаты өтті.

Қарағандылықтар елорда тұрғындары мен қонақтарын ауқымды бағдарлама әзірледі - олар сурет көрмесі және шеберлердіӊ қолөнер тундыларын алып келді, театр және музыка шығармашылығы ұсынылады. Сонымен қатар спортшылар да өнер көрсетеді - ұлттық ойындар және ат полосы бойынша үлгілі көріністер ұйымдастырылады.

Шараға ҚР мәдениет министрі Арыстанбек Махамедиұлы, Президенттіӊ жақтастары, қоғам қайраткерлері қатысты. Қонақтар арасында танымал қарағандылықтар да болды: Тоқтар Иубәкіров, Мұхтар Алтынбаев, Мақпал Жүнісова, Мұхамбет Көпеев, Серік Сәпиев.

- 200 мыӊнан астам қарағандылықтар ЭКСПО-ға келіп қайтты. Жәнеде бүгінгі біздіӊ делегациямыз да 1400 адамнан асады. Арамызда танымал әртістер, суретшілер, қолөнер шеберлері, спортшылар бар. Қарағанды облысыныӊ Мәдениет күндерінде Астана алаӊдарында біздіӊ шеберлеріміз өнер көрсетеді, - деді Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошанов ашылу салтанатында.

Аймақ басшысы астаналықтарды, жерлестеріміз-қарағандылықтарды 6-шы қыркүйекте ЭКСПО аумағында өтетін гала-концертке шақырды. Қарағандылық әртістермен бірге бір сахнада Қазақстанныӊ эстрада жұлдыздары: Қарақат Ибілдина, Ерлан Көкеев және "К-7" тобы, Жәмилә Баспақова, Болат Құсайынов, "Ұлытау" тобы, Қыдырәлі Болманов, Роман Ким, "Арнау" тобы, Нұржан Керменбаев, "Формат" тобы, Жан Тапин және тағы басқалар өнер көрсетеді.

Қарағандылықтар этноауыл аумағында бауырсақ және қымыз фестивалін ұйымдастырды. Кез келген ниет білдіруші тоғыз құмалақ және асық атудан жарысқа қатыса алды. Облыс әкімі Ерлан Қошанов және қонақтар жалпы жұрттыӊ көӊіл-күйіне ілесіп, асық ату ойнады.

Театрландырылған көріністе әртістер өткенге оралды - көрермендерге Қоянды жәрмеӊкесінен көрініс қатты ұнады. Сонымен қатар "Өнер көзі - халықта" атты фольклорлық бағдарлама ұсынылды.

Этноауыл алаӊында қарағандылық ұжымдардыӊ, "Ұлытау" тобыныӊ қатысуымен концерт ұйымдастырылды, сондай-ақ Қарақат Ибілдина мен Қыдырәлі Болмановтыӊ орындауында танымал әндер шырқалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны