01.06.2017, 18:19 4483

Астанадағы "Нұрлы жол" жаӊа вокзалына алғашқы пойыздар келе бастады

1-маусымда "Нұрлы жол" жаӊа вокзал кешені алғашқы пойыздарды қабылдай бастады. Алғашқы болып "Қарағанды - Астана" электрпойызы келді.

Астана. 1 маусым. Kazakhstan Today - 1-маусымда "Нұрлы жол" жаӊа вокзал кешені алғашқы пойыздарды қабылдай бастады. Алғашқы болып "Қарағанды - Астана" электрпойызы келді.

Аса жайлы "Сарыарқа" электрпойызымен елордасына алғашқы 200-ден астам жолаушы келіп жетті.

Пойыздыӊ аға жолсерігі Лаура Жәркенованыӊ айтуынша, "біз жолаушыларғапойыздыӊ жаӊа вокзалға тұрақтайтындығын алдын ала айттық. Шындығын айту керек, жаӊа вокзалға алғашқы болып келетіндігімізге қуанғанымызбен біз қатты қобалжыдық. Есте қаларлықтай тарихи оқиға болды".

Жолсеріктіӊ айтуынша, "Қарағанды -Астана" бағдарындағы жаӊа жылжымалы құрамында жолаушыларға барлық қолайлы жағдай жасалған. Вагондарда ауа баптағыш, жолаушылар ағынын тіркеп, сараптап отыру үшін бейне бақылау жүйесі орнатылған".

Л. Жәркенованыӊ айтуынша, жолаушылар экологиялық биотуалет кешені, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көтергіш қондырғылары да бар.

Балқаштан келген Жүсіповтер отбасы жаӊа вокзалға келіп кіргендеріне қуаныштарын жасырмады.

"Біз Астанада жаӊа үлгідегі вокзал салынып жатқандығын теледидардан көріп, естіп жүрдік. Бірақ осыншалықты ғажайып екендігіналғашқылардыӊ бірі болып өз көзімізбен көрдік. Мұнда біз жаӊа үлгідегі пойызбен келдік. Вокзал ғажайып үлкен екен. Барлығы да жаӊа технология бойынша салынған. Біздіӊ ойымызша, ЭКСПО-2017 қонақтарын лайықты қарсы алады",-дейді М. Жүсіпов.

Вокзал кешені бастығыныӊ кезекші көмекшісі Е. Рымбаевтыӊ айтуынша, мұнда жұмыс жасау жас мамандар үшін өз мүмкіндігін барынша көрсетуге ыӊғайлы.

"Біз арнайы дайындықтан өттік. Барлық шетелдік қонақтарға тиісті ақпараттарды түсіндіре аламыз. Теміржол саласында қызмет етіп, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын көтеру біздер үшін үлкен жауапкершілік жүктейді",-дейді Е. Рымбаев.

Бүгін, 1-маусымда жаӊа вокзал кешеніне Павлодар, Маӊғыстау жолаушылар пойыздары келіп тоқтаса, осы станциядан Шымкент, Көкшетау, Алматы бағдарына пойыздар жіберілді.

Жаӊа вокзал кешені 54 пойызға қызмет көрсетеді. Оныӊ 22-сі "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызы, 16-сы қарапайым пойыздар, 16-сы қалааралық пойыздар.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны