29.04.2008, 20:00 3020

Астанадағы "Нұрсая" тұрғын үй кешеніндегі депутаттар тұратын үйде болған кісі өлімі бұзақылықтан туындаған - ІІД (толық нұсқасы)

Астанадағы "Нұрсая" тұрғын үй кешеніндегі депутаттар тұратын үйде болған кісі өлімі бұзақылықтан туындаған - ІІД (толық нұсқасы)

Астана. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Астанадағы "Нұрсая" тұрғын үй кешеніндегі депутаттар тұратын үйде болған кісі өлімі бұзақылықтан туындаған. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Астана қалалық ІІД крминалдық полиция басқармасының бастығы Жанат Битенов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Оқиға кенеттен өрбіп, Саберлинов осы үйдің ауласында болған және бұзақылық әрекеттерінен осындай адуын қылмыс жасаған. Бар болғаны екі көлік бір-біріне жол бермеген. Бұл таза бұзақылық ниеттен туындаған", - деді Ж. Битенов.

Бұл ретте ол О. Саберлиновтың кінәсі толығымен дәлелденгенін атап өтті. "Қазіргі уақытта оны іздеп табу және тұтқындау бойынша барлық шаралар жасалуда. Өз еркімен айыбын мойындап келуі оның кінәсін жеңілдететін жағдай болатынын және оның сотта оқылатынын ескеруі керек", - деп ескертті полиция қызметкері.

Ж. Битеновтың тілшілерге түсіндіруінше, жәбірленуші - Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультетінің үшінші курс студенті. Ал күдікті болса, Астана қаласындағы құрылыс компанияларының бірінде жеке кәсіпкер болып жұмыс істейді", - деді ІІД КПБ бастығы.

"Нұрсая" кешенінде жәбірленушінің досы тұрады. Жәбірленуші оны өз көлігімен жеткізіп салған. Ал Саберлиновтың болса осы үйде туысқаны тұрған және ол өзінің қызын сол жерден алып кетіп бара жатқан", - деген ақпарат ұсынды Ж. Битенов.

Оның айтуынша, күдікті оқиға орынынан ізін суытқан. Ал оның көлігі Заречный ауылынан табылған. "Қазіргі уақытта ол көлікке арест жасалған. Ол қылмыс жасағаннан кейін тура Заречный ауылына барып, танысына көлігін қалдырған және меніңше, таксимен қашып кеткен", - деді полиция қызметкері.

ІІД КПБ бастығының хабарлауынша, полиция қызметкерлерінде қылмысты нақ О. Саберлинов жасады дегенге айғақтар жетеді. "Оны 10 адам көрген. Бұл кешкі сағат 21.40-та болған. Барлық куәлар қазіргі уақытта сұралған. Ол баламен болған. Бала да оқиғаны өз көзімен көрген", - деп хабарлады Ж. Битенов.

"Оған дейін олардың арасында жолға байланысты дау туындаған. Сосын жас жігіттер аулаға кірген. О. Саберлинов көлігін қойып, жәбірленуші көліктерінен шығып болғанша жетіп келіп осы қылмысты жасаған. Куәгерлер оның қолынан балта көргендерін айтуда", - деп толықтырды ІІД криминалдық полиция басқармасының өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны