28.04.2015, 17:09 3684

Астанадағы парадта әскери дәрігерлерден құралған екі бригада кезекшілік атқарады

Астанада "Қазақ елі" алаӊында өтетін әскерлер парады кезінде мобильді медициналық пункті құрылады. Мерекелік іс-шараға қатысушылар мен қонақтардыӊ қауіпсіздігін сақтау мақсатында жедел жәрдем каретасында ҚР ҚМ Бас әскери клинкалық госпиталініӊ екі негізгі бригадасы (мүмкіндігі бойынша тағы да екеуі резервте) кезекшілік етеді

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Астанада "Қазақ елі" алаӊында өтетін әскерлер парады кезінде мобильді медициналық пункті құрылады. Мерекелік іс-шараға қатысушылар мен қонақтардыӊ қауіпсіздігін сақтау мақсатында жедел жәрдем каретасында ҚР ҚМ Бас әскери клинкалық госпиталініӊ екі негізгі бригадасы (мүмкіндігі бойынша тағы да екеуі резервте) кезекшілік етеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі кезде ашық шатырлы лагердіӊ аумағындағы медициналық пунктте төрт бригада (20-дан аса медициналық қызметкер) орналасқан. Искери дәрігерлер (терапевт, хирург, анестезиолог-реаниматолог, травмотолог, стоматолог) парадқа қатысушыларға қажет болған жағдайда білікті медициналық көмектерін көрсете отырып, олардыӊ денсаулық жағдайын қадағалайды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Лагерге далалық жағдайларда тәжірибесі бар жоғарғы білікті әскери мамандар жіберілді. Олар кез-келген ауру-сырқаттану белгілері анықталысымен бізге жүгінеді. Біз оларды жедел сауықтырамыз", - деп атап өтті кезекші дәрігер полковник Ардақ Жүсіпов.

Бұдан өзге дайындықтар кезінде күн сайын бір медициналық бригада жеке құрамныӊ жаяу шеруі мен механикаландырылған тізбектерге ілесіп жүреді.

"Біз үшін еӊ еӊ бастысы - әр жауынгердіӊ денсаулығы және жеке құрамныӊ толық жай-күйі. Кез-келген уақытта біз әскери қызметшілерге жедел медициналық көмек көрсетеміз", - деп мәлімдеді әскери дәрігер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны