08.10.2009, 16:57 3141

Астанадағы спорттық нысандарға жастар бара алатындай баға белгіленбей отыр - Қазақстан президенті

Астанадағы спорттық нысандарға жастар бара алатындай баға белгіленбей отыр - Қазақстан президенті

Астана. 8 қазан. Kazakhstan Today - Астанадағы спорттық нысандарға жастар бара алатындай баға белгіленбей отыр. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астана қалалық әкімдігінде өткен кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Тағы бір проблема бар, ол - жастардың демалысы мен көңіл көтеруі. Қалада замануи спорттық нысандар салынып, шығармашылық қабілетті шыңдауға, спортпен және денешынықтырумен шұғылдануға қажетті барлық жағдайлар жасалуда. Алайда, бағаның жоғарылығынан осы нысандардың мүмкіндіктері толық пайдаланылмай отыр", - деді Н. Назарбаев.

"Мәселен, Алатау және Қазақстан спорт салайларына бару студенттер үшін орта есеппен 400 теңгеге түседі", - деді президент. Осыған байланысты мемлекет басшысы спортпен шұғылдануға түрлі төлемдер белгілеу қажет деген пікірде. "Дүниежүзінің барлық елдерінде жастар мен студенттер үшін бұл мәселе арнайы қаралады. Балалар үшін бір санат, бизнесмендер үшін басқаша баға болуға тиіс. Бұл мәселенің бәріне түрліше қарау керек", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны