08.05.2013, 14:06 6711

Астанадағы Тәуелсіздік сарайы директорының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Астана қалалық департаменті "Тәуелсіздік сарайы" МКК директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасарына, осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бастығына және тағы да бірқатар тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Астана. 8-мамыр. Kazakhstan Today - Астанадағы Тәуелсіздік сарайы директорының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Астана қалалық департаменті "Тәуелсіздік сарайы" МКК директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасарына, осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бастығына және тағы да бірқатар тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қаржы полициясының ақпаратына қарағанда, оларға ҚР Қылмыстық Кодексінің 311-ші бабы бойынша пара алды деген айып тағылуда.

"2013 жылдың наурызы мен сәуірі аралығында олар "Арлан Системс НС" ЖШС-ның директоры азамат М-нан нысанды өрттен қорғау және МКК-ның өрт сөндіру жүйесіне қызмет көрсету қызметтерін мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартты жасасуға жәрдемдескендері үшін 576 мың теңге сомасында пара алған", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны