07.04.2014, 19:43 3401

Астанадағы ҰОС ардагерлеріне шипажайға жолдама беріледі

Астанада Ұлы Отан Соғысы қарсаңында бір ай бойы ардагерлерге арналған қайырымдылық акциялар өтеді.

Алматы. 7 сәуір. Kazakhstan today. Астанада Ұлы Отан Соғысы қарсаңында бір ай бойы ардагерлерге арналған қайырымдылық акциялар өтеді.

Жалпы, Астанадағы ҰОС ардагерлеріне "Қарағай" қалпына келтіру республикалық орталығындағы курорттық-шипажайға жолдама беріледі, деп "Бәйтерек" медиаорталығынан хабарлады.

Айта кетерлігі, ай бойы дөңгелек үстелдер, тыл еңбеккерлерінің қатысуымен семинарлар өтеді. Сондай-ақ, барлық елордалық мекемелер мен білім беру ошақтарында "Көктемнің жайлы күндері" атты ауқымды шара өтеді.

Мерекелік ошақтарға денсаулығының жағдайы бойынша жете алмаған ардагерлердің үйіне сыйлық апарылып құрмет көрсетіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны