02.09.2007, 17:33 3188

Астаналық полицейлер есірткі тасымалының арнасын жойды

Астаналық полицейлер есірткі тасымалының арнасын жойып, 10 кг астам гашиш тәркіледі.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 қыркүйек. АСТАНА. Астаналық полицейлер есірткі тасымалының арнасын жойып, 10 кг астам гашиш тәркіледі. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне ҚР Ішкі істер министрлігінің есірткі айналымын қадағалау және есірткі бизнесімен күрес комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Астана Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес бөлімшесінің қызметкерлері бақылаудағы сатып алу арнайы іс-шарасы барысында есірткі сатушылармен Сарышаған-Шу тасжолында кезігу туралы келіскен. "Есірткі сатушыны полицейлер көлік ішінде 9 кг астам гашиш сату кезінде қолға түсірген",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ, "жеке заттарын тінту барысында ұсталған азаматтан тағы 100 грамм гашиш тәркіленген", деп қосты.

"Есірткі сатумен айналысатын топты одан әрі тексеру барысында Сарышаған станциясында "Мерседес-190" көлігі ұсталып, көлік жолаушысы, Жамбыл облысының тұрғынынан 70 грамға жуық гашиш табылған",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ көлікті тексеру барысында жүк салғыштан тағы 140 грамнан астам гашиш табылған.

"Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 10 кг асып жығылады",- деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер. Қазіргі уақытта аталмыш қылмысқа қатысушылар мен ұйымдастырушыларды анықтауға қатысты бірқатар жедел шаралар жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны