26.05.2016, 12:41 4919

Астананыӊ халықаралық рейтингі Еуропаныӊ ірі қалаларымен теӊесті

А. Лукинніӊ хабарлауынша, қаланы дамытудыӊ 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру Астанаға Қазақстанныӊ барлық өӊірлерініӊ ішінде әлеуметтік-экономикалық дамудыӊ негізгі көрсеткіштері бойынша алдыӊғы қатардан орын алуға мүмкіндік берді.

Астана. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Өткен жылы қаланыӊ экономикасына тартылған инвестициялардыӊ жыл сайынғы өсімі 397 миллиард теӊгеден 773 миллиард теӊгеге дейін 1,5 есеге артты, бұл Астананыӊ халықаралық рейтингін Baа3 деӊгейіне дейін көтеруге және Барселона, Стамбул және әлемніӊ басқа да ірі қалаларымен теӊесуге мүмкіндік берді. Бұл туралы бүгін қалалық мәслихаттыӊ кезектен тыс сессиясында Астана қаласы әкімініӊ орынбасары Андрей Лукин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

- Біз 2012 жылдан бері Moody's агенттігімен белсенді жұмыс істеп келеміз. Үстіміздегі жылы елорда республикалықпен бір деӊгейде тұрған инвесторлар үшін тартымды рейтингтіӊ Baа3 деӊгейін растады. Мысалы, Барселона, Стамбул, Мадрид және басқа да қалаларға да рейтингтіӊ осы деӊгейі берiлген, - деді баяндамашы, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

А. Лукинніӊ хабарлауынша, қаланы дамытудыӊ 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру Астанаға Қазақстанныӊ барлық өӊірлерініӊ ішінде әлеуметтік-экономикалық дамудыӊ негізгі көрсеткіштері бойынша алдыӊғы қатардан орын алуға мүмкіндік берді.

- Бағдарлама жүзеге асырылған бес жылдыӊ ішінде жалпы өӊірлік өнім көлемініӊ нақты көрсеткіші 2010 жылғы 1 трлн 800 миллиард теӊгеден 2015 жылы 4 трлн 600 млрд теӊгеге дейін 1,6 есеге ұлғайды. Өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша елордада экономикалық өсімніӊ оӊ үрдісі байқалады - 106,3 пайыз. Бұл ретте Астананыӊ республиканыӊ ЖІӨ-ніӊ жалпы көлеміндегі үлесі сәйкесінше, 8 пайыздан 11 пайызға дейін өсті. Өнеркәсіптік өндіріс көлемдерініӊ нақты көрсеткіші 2010 жылмен салыстырғанда 111 миллиард теӊгеден 348 миллиард теӊгеге дейін 1,4 есеге артты, - деді әкімніӊ орынбасары.

Сонымен қатар, қала басшысыныӊ орынбасары қаланыӊ туристер үшін де аса тартымды екендігін атап өтті. Бес жылдыӊ ішінде Астанаға 3 млн-нан астам қонақ келсе, оныӊ 650 мыӊы шетелдіктер болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны