08.10.2009, 16:16 3218

Астананың халықаралық рейтингін көтеру қажет - президент

Астананың халықаралық рейтингін көтеру қажет - президент

Астана. 8 қазан. Kazakhstan Today - Астананың халықаралық рейтингін көтеру қажет. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астана қалалық әкімдігінде өткен кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз Елордасының даму деңгейін ғаламдық бәсекелестік тұрғысынан қарастыруымыз қажет, халықаралық рейтингтер жүйесін зерттеу керек, біздің қаламыздың әлді және әлсіз тұстарына талдау жасау қажет", - деді Н. Назарбаев. "Тек сонда ғана біз еліміздің астанасына келетін туристер ағынын ұлғайту үшін өзіміздің күш-жігерімізді қайда бағыттау керек екенін ұғынатын боламыз", - деді президент.

Оның айтуынша, жоғары рейтинг - халықтың тіршілік деңгейінің жоғары екенін, сапалы білім беруге, сапалы медицинаға, жақсы транспорт жұмысына қол жеткізе алатынын паш етеді. "Мұндай қалалар сонымен бірге таза, қауіпсіз, туристер үшін тартымды болуға тиіс. Біз осыны бағдар ретінде ұстанатын боламыз", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны