30.11.2007, 18:13 5822

Астананың қаржы полициясы қала әуежайының лауазымды тұлғасының үстінен қылмыстық іс қозғады

Астананың қаржы полициясы қала әуежайының лауазымды тұлғасының үстінен қылмыстық іс қозғады

Астана. 30-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астананың экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті "Астананың халықаралық әуежайы" АҚ лауазымды тұлғасының үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Астананың Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің бастығы Абзал Кәрімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Аталған АҚ президенті Қыпшақбаев өзінің бұйрығымен бір азаматты әуе технигі қызметіне алған, ал ол іс жүзінде кәсіпорында жұмыс істемеген, бірақ оған жалақы толық көлемде аударылып отырған",- деді Абзал Кәрімов.

Оның айтуынша, "АҚ басшысы Көлік және коммуникация министрлігінің бір жоғарғы лауазымды тұлғасының бұйрық түскенінс алға тартуда". Қазіргі уақытта, қылмыстық іс тергеу сатысында жатыр, деп хабарлады Абзал Кәрімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны