01.07.2009, 17:29 2921

Астананың құрылыс департаментінің директорының бұрынғы орынбасары жеті жылға бас бостандығынан айрылды - қаржы полициясы

Астананың құрылыс департаментінің директорының бұрынғы орынбасары жеті жылға бас бостандығынан айрылды - қаржы полициясы

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астананың құрылыс департаменті директорының бұрынғы орынбасары Юрий Ярош жеті жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Ағымдағы жылдың 18 маусымында Астананың құрылыс департаменті директорының бұрынғы орынбасары Юрий Ярош лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айрылды",- деді М.Жұманбай.

Еске сала кетейік, Астананың құрылыс департаментінің бұрынғы директоры Асқар Нұрмағамбетовтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша мемлекетке келтірілген шығынның көлемі 1 млрд 40 млн теңгені құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай 20 мамырда өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Мұрат Жұманбайдың хабарлауынша, мемлекеттік сатып алулар кезінде лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып тағылған Асқар Нұрмағамбетовтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша жаңа ақпарат пайда болды.

"Қазіргі жағдаймен шығын көлемі нақтыланды, оның көлемі 1 млрд 40 млн теңгені құрайды деп айта аламыз", деді өкіл.

Мұрат Жұманбайдың нақтылауынша, қылмыстық істе бұған дейін аталған шығынның көлемі 881 млн теңге болатын, "шығын көлемі бұдан былай да өзгеруі мүмкін".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны