20.09.2016, 10:52 3917

Астананыӊ Мәскеудегі күндері аясында Исет Исекешев пен Сергей Собянинніӊ кездесуі өтті

Сондай-ақ, қалалық әкімдіктіӊ хабарлауынша, Астананыӊ Мәскеудегі мәдениет күндері аясында Мемлекеттік Кремль сарайында гала-концерт өтті.

Астана. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мәскеу үкіметініӊ ғимаратында қос астананыӊ басшылары Исет Исекешев пен Сергей Собянин кездесті. Тараптар түрлі салаларда тәжірибе алмасу, ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сондай-ақ, ресейлік тараптыӊ ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуы мәселелерін талқылды.

Сергей Собянин Астананыӊ Мәскеудегі күндерін ұйымдастырғаны үшін Исет Исекешевке алғыс айтып, оны Қазақстанныӊ елордасыныӊ әкімі болып тағайындалуымен құттықтады. Оныӊ атап өтуінше, бүгінде Астана сәтті дамып келеді және әлемніӊ басқа да ірі қалаларына үлгі болып табылады.

"Мәскеу мен Астана ынтымақтастықтыӊ нәтижесінде айтарлықтай тәжірибе жинады, тиісті келісімге қол қойылды, жұмыс жоспары бар, біз осыныӊ барлығын қажеттілігіне қарай түзетіп, орындауға дайынбыз", - деді Сергей Собянин.

Өз кезегінде Исет Исекешев қонақжайлылығы мен Астана күндерін ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, қалалық шаруашылықты жаӊғырту бойынша кеӊ ауқымды жобаларды іске асырып жатқан қаланыӊ даму үрдісін, сондай-ақ, оныӊ мегаполисті дамыту жөніндегі бай тәжірибесі Астана үшін маӊызды екендігін жеткізді.

"Астанада тұруға жайлы қала құру үшін жаӊа технологиялар енгізілетін ақылды қала жобасы жүзеге асырылып жатыр, біз үшін Мәскеудіӊ тәжірибесін зерделеу маӊызды, - деді әкім.

Сонымен қатар, Астана әкімі астық, ет, көкөніс пен жеміс, сондай-ақ, машина жасау өнімдерін жеткізу бойынша Мәскеумен сауда қатынастарын орнатуға дайын екендігін атап өтті. Исет Исекешевтіӊ айтуынша, түрлі бағыттарда - медицина, қалалық технологиялар, энергетика және смарт шешімдер бойынша тәжірибе алмасу маӊызды. Мәскеу басшысы қаладағы интеллектуалды-көлік жүйесініӊ қызметі, денсаулық сақтаудыӊ ақпараттық жүйесі, аула аумақтарын абаттандыру, жәрмеӊкелер ұйымдастыру, ақпараттық технологиялар туралы айтып берді.

Кездесу соӊында Исет Исекешев Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне тоқталып, баршаны оны тамашалауға шақырды. Айта кетейік, әлемніӊ 100-ден астам мемлекеті мен халықаралық ұйымдары ЭКСПО көрмесіне қатысатындарын растады.

Сондай-ақ, қалалық әкімдіктіӊ хабарлауынша, Астана мен Мәскеу ынтымақтастықты кеӊейту перспективаларын және бірлескен жобаларды іске асыру тетіктерін талқылады.

Астана мен Мәскеу ынтымақтастықты кеӊейту перспективаларын, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру тетіктерін талқылады. Smart-city жобаларын енгізуге және дамытуға баса назар аударылды. Бүгін Қазақстанныӊ Ресейдегі елшілігініӊ қолдауымен ұйымдастырылған Астананыӊ Мәскеудегі күндері аясында мәскеулік сауда-өнеркәсіптік палатасында Іскерлік ынтымақтастық форумы өтті.

Кездесу барысында Мәскеу Үкіметініӊ министрі, қалалық Сыртқы экономикалық және халықаралық байланыс департаментініӊ басшысы Сергей Черемин сөз сөйледі. Оныӊ айтуынша, Ресей тарапы Қазақстанныӊ елордасымен қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі.

"Астана - қалалық шаруашылық саласында еӊ озық технологияларды, инвестицияларды тарта отырып, қарқынды дамып келе жатқан жас қала. Бүгінде іскерлік топтар арасында қарым-қатынас құру оӊай емес, біз өте күрделі экономикалық жағдайға тап болдық, бірақ Астана мен Мәскеу арасындағы интеграциялық өзара іс-қимылдыӊ перспективалары әлі де бар. Біздіӊ қарым-қатынасымыз одан әрі дамиды, біз Астанада бизнес-миссия өткіземіз және ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді қатысамыз, - деді Сергей Черемин.

Оныӊ айтуынша, ЭКСПО көрмесі мәскеулік кәсіпорындар үшін электр энергиясын өндіру технологияларын, оныӊ сақталуын, энергетика шаруашылығымен байланысты жаӊалықтарды көрсетудіӊ жақсы алаӊы болады.

Өз кезегінде елорда әкімі Исет Исекешев Мәскеу мен Астананыӊ көптеген бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істеуге болатынын жеткізді.

"Астана халқы бір миллионнан асты, бұл белсенді дамып келе жатқан қала. Біздіӊ қалалардыӊ экономикалық модельдері негізінен ұқсайды, сондықтан бизнес қоғамдастықтардыӊ арасында белсенді ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз. Екі жақта да қызықты бағдарламалар мен технологиялар бар, біз оларды жүзеге асыра аламыз", - деді Исет Исекешев.

Сонымен қатар, Исет Исекешев өз баяндамасында жас елорданыӊ дамуыныӊ басты басымдықтарына тоқталды, атап айтқанда: жұмыспен қамту және экономикалық модельдіӊ жаӊа құрылымдары, сондай-ақ, өмір сүру сапасын жақсарту арқылы халықтыӊ кірісін арттыруды қамтамасыз ету. МЖС моделін белсенді пайдалану, шағын және орта бизнесті, сауда секторларын дамыту, индустриалды құрылысқа көшу, тұрғын үйдіӊ қолжетімділігін қамтамасыз ету, жаӊа құрылыс технологияларын дамыту және т.б. маӊызды болып табылады. Туризм де маӊызды бағыт болып қалады, - деді әкім.

"Мемлекеттік басқарудыӊ тиімділігін арттыруға қазір зерттеліп жатқан смарт-шешімдердіӊ толық спектрі ықпал етеді. Бұл жұмыстыӊ ашықтығын арттыру, ТКШ жүйесініӊ әлдеқайда айқын жұмысын қалыптастыру, қоғамдық көлік, білім, денсаулық сақтау салаларында смарт-шешімдерді енгізу. Бүгінде бірқатар жобалар жүзеге асырылдқ, - деді Исет Исекешев.

Бүгін мәскеулік әріптестеріміз қазақстандықтарға Ресей астанасында сәтті жүзеге асырылып жатқан және енгізу жоспарланып отырған бірқатар "ақылды" технологияларды таныстырды.

"Астана мен Мәскеу - ақылды қала технологияларын енгізуді қажет ететін мегаполистер. Мәскеуде "ақылды" қала ортасыныӊ элементтері Мосробот сияқты қызықты технологиялар қолға алынды, бұл көшеде немесе маршрутта болып жатқан оқиғалар туралы қала тұрғындарын тікелей хабардар ету сервисі. Сонымен қатар, геоаналитика құралдарын пайдалану енгізіледі. Қазіргі кезде қалада төрт ірі мобильді оператор жұмыс істейді, біз жасырын түрде қалада жүрген адамдардыӊ ағыны туралы мәлімет аламыз және осы мәліметтердіӊ негізінде қалалық инфрақұрылымды дамытамыз", - деді "Ақпараттық қала" МБМ бас директоры Алексей Чукарин.

Сонымен қатар, Форумда мәскеулік тарап көшені абаттандыру, инновациялық қызмет ерекшеліктерімен және т.б. бөлісті. Кездесу барысында Астана қаласы әкімдігініӊ Инвестициялар және даму басқармасы мен Мәскеудіӊ ұлттық саясат, аймақаралық байланыс және туризм департаментініӊ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ, қалалық әкімдіктіӊ хабарлауынша, Астананыӊ Мәскеудегі мәдениет күндері аясында Мемлекеттік Кремль сарайында гала-концерт өтті.

Қазақстанныӊ Ресейдегі елшілігініӊ қолдауымен ұйымдастырылған Астананыӊ Мәскеудегі мәдениет күндері аясында Мемлекеттік Кремль сарайында қазақстандық эстрада жұлдыздарыныӊ, би және фольклорлық ұжымдардыӊ қатысуымен гала-концерт өтті.

Музыкалық кеш барысында Астана әкімі Исет Исекешев пен Мәскеу Үкіметініӊ министрі, қалалық сыртқы экономикалық және халықаралық байланыс департаментініӊ басшысы Сергей Черемин сөз сөйледі.

Исет Исекешевтіӊ айтуынша, Астананыӊ Мәскеудегі мәдениет күндері аясында бірқатар мәдени, спорттық, экономикалық шаралар өтіп жатыр. ХШЖК алаӊдарыныӊ бірінде этноауыл ашылды, онда қазақ халқыныӊ салт-дәстүрлерімен танысуға болады.

"Астана мен Мәскеу - бауырлас қалалар, сондай-ақ, екі дос мемлекет - Қазақстан мен Ресейдіӊ астаналары. Мемлекет басшылары Н. Назарбаев пен В. Путинніӊ саясатыныӊ, сондай-ақ халықтар достығыныӊ арқасында біздіӊ мемлекеттер - еуразиялық интеграция және басқа да бірлестіктер бойынша серіктестер, екі елдіӊ арасындағы қарым-қатынас пен байланыс жылдан жылға нығайып келеді. Бүгінгі гала-концертке келгендеріӊіз үшін рахмет. Мәдениет екі елді байланыстырады және өзара қарым-қатынасты одан әрі күшейтуге негіз болады", - деді Астана әкімі.

Сонымен қатар, Исет Исекешев биыл қазан айында Астанада мемлекет басшыларыныӊ, үкімет мүшелерініӊ және аймақ басшыларыныӊ қатысуымен аймақаралық ынтымақтастық форумы, сондай-ақ, ресейлік кәсіпкерлердіӊ қатысуымен бизнес-форум өтетінін атап өтті. Елорда басшысы мәскеуліктерді және ресейліктерді "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне шақырды.

Сергей Черемин өз сөзінде Астананыӊ мәскеуліктерге ерекше мерекелік көӊіл күй сыйлағанын жеткізді.

"Стратегиялық серіктесіміз Қазақстанмен экономикалық және сауда қатынастары біз үшін аса маӊызды, экономикалық тұрғыдан ол жиырма жылдан бері басты әріптесіміздіӊ бірі болып табылады. Біз бұл достық пен қолдауды бағалаймыз және әріптестерімізбен тәжірибемен бөлісуге тырысамыз", - деді Сергей Черемин.

Кеш барысында сахна төрінде ҚР халық әртістері Илібек Дінішев, Айман Мұсақожаева, Роза Рымбаева, танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы өнер көрсетті. Мәскеу тұрғындары мен қонақтары "Музарт", "Формат", "Ринго", Бүркіт пен Аиша дуэтініӊ шығармашылығымен танысты. "Наз" мемлекеттік би театры, "Шалқыма" халық биі ансамблі, Астана қаласы мемлекеттік филармониясыныӊ қазақ халық аспаптары оркестрі мен "Астана" эстрадалық-симфониялық оркестрі, "Тұран" эстрадалық-фольклорлық ансамблі және "Серпер" домбырашылар ансамблі қонақтарға көтеріӊкі көӊіл күй сыйлады. Атақты "А-Студио" тобы да өз өнерін ортаға салды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны