29.09.2010, 15:34 9788

Астананың Сарыарқа аудандық соты денсаулық сақтау министрін қамауға алу туралы ұсынысты қабылдамады

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевты қамауға алу туралы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ұсынысын, министрдің денсаулығының нашарлауына байланысты қабылдамады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Астана қаласының прокуратурасының баспасөз хатшысы Дариға Мусин хабарлады.

Астана. 29 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевты қамауға алу туралы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ұсынысын, министрдің денсаулығының нашарлауына байланысты қабылдамады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Астана қаласының прокуратурасының баспасөз хатшысы Дариға Мусин хабарлады.

"Қаржы полициясынан 142-ші бап бойынша шара қолдану туралы ұсыныс келіп түсті. Қолданылатын шараны сот қабылдайтындықтан ұсынысты Сарыарқа аудандық сотына жіберілген болатын",- деп хабарлады Д. Мусин.

Кеше, 28-қыркүйек күні оны Сарыарқа аудандық соты қарап, министрдің денсаулық жағдайына байланысты ұсыныс кері қайтарылды", деді Д.Мусина. Ол сондай-ақ, қылмыстық іс бойынша тексерудің жалғасып жатқанын атап көрсетті.

Естеріңізге сала кетсек, қыркүйектің 21-інде қаржы полициясы Жақсылық Досқалиевтің үстінен қылмыстық іс қозғап, оны лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыптаған болатын. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, сенбі, қыркүйектің 25-інде қаржы полициясында жауап алу кезінде министр инсультке ұшырап, келесі күні Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың жансақтау бөлімшесіне жеткізілген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны