19.10.2009, 10:16 1558

Астананың жаңа университетінің директорлар кеңесінің 1-ші отырысында 2010 - 2012 жылдарға арналған дамуының негізгі стратегиялық бағыттары бекітілді

Астананың жаңа университетінің директорлар кеңесінің 1-ші отырысында 2010 - 2012 жылдарға арналған дамуының негізгі стратегиялық бағыттары бекітілді

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов өткен аптада "Астананың жаңа университеті" АҚ директорлар кеңесінің 1-ші отырысын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында рәсімдік, стратегиялық және ішкі ұйымдастыру мәселелерінің жиынтығы қаралды.

Атап айтқанда, қоғамның директорлар кеңесінің төрағасы болып ҚР премьер - министрі К.Мәсімов сайланды.

Директорлар кеңесінің шешімімен корпоративтік хатшының міндеті ҚР премьер - министрінің кеңсесінің басшысы Ғабидолла Ибдірахымовқа жүктелді.

Сондай - ақ, жаңа университеттің миссиясы мен стратегиялық мақсаты, университетті басқарудың дамуы көрініс тапқан 2010 - 2012 жылдарға арналған дамуының негізгі стратегиялық бағыттары директорлар кеңесінің бекітілуіне ұсынылды.

Осыған орай, жаңа университетті университет, ғылыми - білім беру, зерттеу және медициналық орталықтарды қамтитын Нұрсұлтан Назарбаев атындағы ұлттық ғылыми - білім беру кешеніне кезең - кезең бойынша дамыту көзделіп отыр.

Таныстырылған құжатта құрылып жатқан университеттің академиялық және ғылыми саясаты, алдыңғы қатарлы ЖОО - серіктестермен және ғылыми орталықтармен халықаралық әріптестіктің негізгі әдістемесі баяндалған.

Университеттің жалпы инфрақұрылымына, студенттік өмірді ұйымдастырудың тұжырымдамасына, маркетингтік кампанияға, болуы ықтимал тәуекелділікті бағалау мен оларды азайтудің шараларына жеке - дара назар аударылды.

Ұсынылған құжатта Эндеумент - қор идеясы және оны Н.Назарбаев атындағы университеттің академиялық және ғылыми қызметін орнықты қаржыландыруды қамтамасыз етудің маңызды тетігі ретінде ұйымдастыру көрініс тапты.

Құжат директорлар кеңесі мүшелерінің ұсыныстары мен ескертпелерін есепке ала отырып, бекітілді.

Отырыс соңында премьер - министр директорлар кеңесі мүшелеріне Астананың жаңа университеті қызметінің түрлі мәселелеріне қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны