21.05.2007, 16:35 2768

Астананың Жол полициясы басқармасы қаладағы апаттар санының азаюын жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі аймақтық бағдарламаны жүзеге асырумен байланыстырып отыр

АСТАНА. 21 - мамыр. Kazakhstan Today. Астананың жол қауіпсіздік басқармасы қаладағы апаттар деңгейінің төмендеуін жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаны жүзеге асырумен байланыстырып отыр. Бұл туралы бүгін Астана әкімшілігінде өткен жедел кеңес барысында қалалық Ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасының бастығы Орынбасар Қосанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Үстіміздегі жылдың төрт айында жол көлік оқиғалары 7,7 пайызға, ал апаттан қайтыс болған адамдардың саны 19,2 пайызға және жарақат алушылардың саны 7,1 пайызға төмендеген. Бұл жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі аймақтық бағдарламада қарастырылған "іс-шаралар жоспарын толық орындаудың нәтижесі",- деп санайды О. Қосанов.

Атап айтқанда, Жол полиция басқармасы бастығының мәліметтері бойынша, Астанада жылдамдық режимін бұзу және бағдаршамның тыйым салатын белгісінде қиылыстардан өтуге байланысты заң бұзушылықтарға қатысты материалдарды өңдеуге арналған орталық құру нәтижесінде үстіміздегі жылдың 4 айында 5215 әкімшілік іс қозғалған, олардың 469-ы Астананың әкімшілік сотының қарауына жіберілген. "Қалған істер бойынша Астана қаласының жол полициясы басқармасының әкімшілік практика бөлімінде айыппұл салу туралы шешімдер қабылданған",- деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, О. Қосановтың айтуынша жыл басынан бері жол полициясы қаланың 13 автомектебінің 4-нің іс-қызметін тоқтатқан. "Интеллект орталығы ", "Ақ жол", "Дара Лтд" және "Автоклуб" оқу орталықтарының іс-қызметі осы сияқты мекемелерге қойылатын талаптарға сәйкес болмауына байланысты тоқтатылған",- деп нақтылап өтті ол.

Астана қаласының Ішкі істер департаментінің бастығы, өзінің мекемесінің жеке меншік көлік иелерінің көліктерінің техникалық ахуалына қатысты жауапкершілігін күшейту туралы ұсыныс әзірлеп, Ішкі істер министрлігіне енгізгендігін хабарлады. "Біз Икімшілік кодекске өзгертулер енгізуді ұсынып отырмыз, ұсынылған өзгертулерге сәйкес аталмыш заң бұзушылыққа салынатын айыппұл санкциясы 2-ден 5 айлық есеп көрсеткішіне дейін өседі",- деп хабарлады О. Қосанов. Оның ақпараттарына сүйенсек, бұл ұсыныс осы күнде үкімет қарауында жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны