03.10.2007, 18:28 2852

Астрахан облысының Красноярск ауданында Қазақстан мен Ресейдің үкімет басшыларының келіссөздері басталды

Астрахан облысының Красноярск ауданында Қазақстан мен Ресейдің үкімет басшыларының келіссөздері басталды

Красный Яр. 3-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астрахан облысының Красноярск ауданында Қазақстан мен Ресейдің үкімет басшылары Кәрім Мәсімов пен Виктор Зубковтың келіссөздері басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мен, екі елдің президенттері қалаған өзара ықпалдастықты біздің жалғастыра алатындығымызға сенімдемін",- деді К. Мәсімов кездесуді аша отырып.

"Біздің саяси жетекшілеріміз өте әділ диалог жүргізеді, бұл біздің тиімді жұмыс істеуімізге мүмкіндік береді, осының нәтижесінде көптеген экономикалық мәселелер өз шешімін табуда",- деп атап көрсетті өз кезегінде В. Зубков. Ол сондай-ақ "екі ел арасындағы тауар айналымы үстіміздегі жылы 16 млрд АҚШ долларына жететіндігін" атап өтті.

В. Зубков атап өткендей, келіссөздер аясында "отын-энергетика саласындағы, көлік, атомдық энергия саласындағы және бірқатар басқа да мәселелер саласындағы" ынтымақтастық мәселелері талқыланатын болады, деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны