Система Orphus

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қолға алынған бірқатар инфрақұрылымдық жобамен танысты

12.05.2020, 21:52 3889

Алматы. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қолға алынған бірқатар инфрақұрылымдық жобамен танысты.

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында жүзеге асырылып жатқан бірқатар инфрақұрылымның жобасымен танысты.

Қазақстан Президентіне Алматының халықаралық әуежайын қайта жөндеу жоспары таныстырылды.

Түркияның "TAV airport Holding" компаниясы бас директорының орынбасары Серкан Каптан Қасым-Жомарт Тоқаевқа әуежайдың жаңа терминалының құрылысы туралы мәлімет берді. Жалпы көлемі 55 мың шаршы метр болатын терминал жобасының құны 150 миллион евро. Терминал жылына 6 миллион жолаушыға қызмет көрсетеді. Аталған нысанның құрылысы 2022 жылдың 2-тоқсанында аяқталады деп жоспарлануда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының халықаралық әуежайы қайта жөндеуден өткеннен кейін бұл нысанның Орталық Азия аймағындағы ірі авиациялық хабқа айналатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Бұқтырма көшесі мен Құлжа трактісінің қиылысында салынатын ұзындығы 784 метрлік көлік жолайырығы құрылысының жобасымен танысты.

Мемлекет басшысының айтуынша, аталған жоба қала жолдарындағы кептелісті азайтуға және тұрғындардың тіршілігіне қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны