Система Orphus

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады

09.05.2019, 15:32 8074

Нұр-Сұлтан. 9 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда. Құттықтауда былай делінген:

"Қымбатты отандастар!

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Баршамыз үшін бұл мерекенің маңызы ерекше.

Халқымыз Ұлы жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Отандастарымыз майдан даласында ерлікпен шайқасып, олардың жартысынан жуығы елге қайтып оралмады. Жауынгерлеріміздің батырлығы мен қайтпас қайсарлығы Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді.

Тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында Қазақстан майдан даласына орасан зор көмек көрсетті. Соғыс жылдары елімізге жүздеген зауыттар мен фабрикалар көшірілді. Майданға мыңдаған вагон

киім-кешек пен азық-түлік жіберілді.

Аға буынның теңдессіз ерлігін құрметтеп, зұлмат соғыстың зардаптарын ұмытпау - біздің қастерлі борышымыз.

Барлық ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!".

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

тақырып бойынша жаңалықтар

Комментарии

Ең көп оқылғаны