03.02.2020, 18:25 4111

Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайдың Халықаралық қаржы орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қаңтарда Дубайдың Халықаралық қаржы орталығына барды

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қаңтарда Дубайдың Халықаралық қаржы орталығына барды.

Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапарының екінші күнгі бағдарламасының аясында Дубайдың Халықаралық қаржы орталығын (DIFC) аралап көрді.

Дубайдың Халықаралық қаржы орталығының басқарма төрағасы Ариф Амири Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы экономикалық аймақ жұмысының принциптері, қажетті заңдық, коммерциялық және басқа да инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету арқылы бизнес пен қаржы институттары үшін тартымды жағдай жасау жөнінде айтты.

Бүгінде Орталыққа заңды түрде 2300-ге жуық компания тіркелген. 2024 жылға қарай олардың Дубай Әмірлігінің жалпы ішкі өніміне қосатын үлесі шамамен 15 пайыз болмақ.

Мемлекет басшысы "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Дубайдың Халықаралық қаржы орталығы арасында тығыз ықпалдастық орнатудың, Дубайдың табысты тәжірибесін "Астана" халықаралық қаржы орталығының жұмысына пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны