18.01.2021, 18:29 15275

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет құрамын бекітті

Нұр-Сұлтан. 18 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұрынғы ведомство басшыларының көпшілігі өз орындарын сақтап қалды.
 
Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Роман Васильевич Скляр және Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Премьер-Министрінің орынбасарлары болып қайта тағайындалды.
 
Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы болып тағайындалды.
 
Серік Жамбылұлы Шәпкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің орнына келді.
 
Ұлттық экономика министрлігін Әсет Арманұлы Ерғалиев басқарды, бұрын ведомствоны Руслан Даленов басқарды.
 
Басқа министрліктердің басшылары өзгерген жоқ:
 
Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қорғаныс министрі;
 
Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Ішкі істер министрі;
 
Аида Ғалымқызы Балаева – Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
 
Сапархан Кесікбайұлы Омаров – Ауыл шаруашылығы министрі;
 
Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Әділет министрі;
 
Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Білім және ғылым министрі;
 
Алексей Владимирович Цой – Денсаулық сақтау министрі;
 
Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
 
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
 
Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қаржы министрі;
 
Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлова – Мәдениет және спорт министрі;
 
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Сауда және интеграция министрі;
 
Юрий Викторович Ильин – Төтенше жағдайлар министрі;
 
Бағдат Батырбекұлы Мусин – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
 
Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
 
Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Энергетика министрі.
 
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны