24.03.2019, 22:52 10657

Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Аxметжан Есімовпен кездесті

Ахметжан Есімов мемлекет басшысына ағымдағы жылға қордың негізгі жоспарлары мен міндеттері туралы баяндады.

Нұр-Сұлтан. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Аxметжан Есімовпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан президентіне қор қызметінің 2018 жылғы қорытындысы мен алдағы уақытқа жоспарлар туралы ақпарат берілді.

Аxметжан Есімов қор жұмысының оң нәтижелерін атап өтті. Қор құрамына кіретін компаниялар оң қаржы көрсеткіштерін көрсетті. Қордың ірі сегіз компаниясының табысы 2017 жылмен салыстырғанда ұлғайды. Осылайша, қордың компаниялар тобының негізгі қызметінен түсетін табысы 8,5 трлн. теңгеден асты және 2018 жылы 35 %- ға артты.

Таза пайда 1,1 трлн. теңгені құрады, бұл 2017 жылға қарағанда екі есе көп. Дивиденд көлемі екі еседен астамға артып, 296 млрд. теңгені құрады. Қор компаниялар тобының қарыз деңгейі 1 триллион теңгеге қысқарды. Сыртқы қарыз 4 млрд. АҚШ долларына қысқарды.

Мемлекеттік бюджетке аударымдардың көлемі 1,1 трлн. теңгені құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 40% артық. Оң өндірістік қаржылық нәтижелер Қорға денсаулық сақтау, салауатты өмір салты, медицина, білім беру және қайырымдылық саласындағы әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастыруға және кеңейтуге мүмкіндік берді.

Ахметжан Есімов мемлекет басшысына ағымдағы жылға қордың негізгі жоспарлары мен міндеттері туралы баяндады. Осылайша, Қордың жоспарлары: "Қазақтелеком" АҚ мен "Эйр Астана" акцияларын IPO-ға шығару, "Сарыарқа" газ құбырының құрылысы, "Fly Arystan" авиа компаниясын іске қосу мен болашақ ұрпақ Қорын құруға бағытталған.

Анықтама:

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы - дара акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған және ол коммерциялық құрылым - инвестициялық холдинг саналады. Оның миссиясы - Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын көтеру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету. "Самұрық-Қазына" өз миссиясын қоржындық компаниялардың ұзақмерзімдік құны мен тұрақты дамуын арттыру үшін оларды тиімді басқару арқылы, сондай-ақ ұлттық экономиканың басым секторларының дамуына каталитикалық инвестиция салу арқылы жүзеге асырады. Қор активі шамамен $67,4 млрдты құрайды. "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау-кен кешендерінің, энергетика, машина құрастыру және жылжымайтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны