03.09.2019, 18:08 38448

Қасым-Жомарт Тоқаев "Шеврон" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады

Майкл Уирт Қазақстан ұзақ уақыттан бері "Шеврон" компаниясының маңызды серіктесі болып келе жатқанын атап өтті. Америкалық бизнесмен басшылық құрамының 77% қазақстандықтар болатын, "Теңізшевройл" еншілес компаниясының менеджерлерінің кәсібилігін жоғары бағалады.

Нұр-Сұлтан. 3 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қасым-Жомарт Тоқаев "Шеврон" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады.

Кездесу барысында мұнай секторындағы бірқатар жобаларды жүзеге асыру және Қазақстан мен "Шеврон" компаниясы арасындағы өзара іс-қимылдардың келешегі туралы сөз болды. Сонымен қатар, жаңа инвестициялар салу мүмкіндігі қарастырылды.

Мемлекет басшысы Майкл Уиртқа жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, біздің елімізде шетелдік бизнеске жасалған қолайлы инвестициялық ахуалды атап өтті.

Майкл Уирт Қазақстан ұзақ уақыттан бері "Шеврон" компаниясының маңызды серіктесі болып келе жатқанын атап өтті. Америкалық бизнесмен басшылық құрамының 77% қазақстандықтар болатын, "Теңізшевройл" еншілес компаниясының менеджерлерінің кәсібилігін жоғары бағалады. Бұл көрсеткіш өзара ынтымақтастықтың нығаюына қарай арта беретінін айтты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны