29.06.2020, 23:02 7082

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовті 63 жасқа толған туған күнімен құттықтап, бауырлас Түрікменстан халқының игілігі жолында атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Алматы. 29 маусым. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовті 63 жасқа толған туған күнімен құттықтап, бауырлас Түрікменстан халқының игілігі жолында атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы қарым-қатынасты жоғары деңгейде нығайта беруге бейілді екенін нақтылады. Сонымен қатар стратегиялық серіктестікті дамытуға, әсіресе, сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықты арттыруға оңтайлы жағдай жасалғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовке Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау көрсетіп, жеделхат жолдағаны үшін ризашылық білдірді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны