12.11.2020, 21:58 26947

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында жақын жылдары атқарылатын бірлескен жобалар талқыланды.

Алматы. 12 қараша. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері әртүрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың дамуына қанағаттанатындарын айтты. Әңгімелесу барысында жақын жылдары атқарылатын бірлескен жобалар талқыланды.

Мемлекет басшылары Орталық Азиядағы ахуалды талқылау кезінде өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Қазақстан мен Өзбекстан қырғыз халқына экономикалық және гуманитарлық көмек көрсетеді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев 10 қараша күні Ресейдің төрағалығымен өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің нәтижелерін жоғары бағалады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны