29.10.2009, 16:28 4362

Атырау агротехникалық колледжі директорының бұрынғы орынбасары 50 мың теңге пара алғаны үшін екі жылға шартты сотталды

Атырау агротехникалық колледжі директорының бұрынғы орынбасары 50 мың теңге пара алғаны үшін екі жылға шартты сотталды

Атырау. 29 қазан. Kazakhstan Today - Атырау агротехникалық колледжі директорының бұрынғы орынбасары Н. Дүкенов 50 мың теңге пара алғаны үшін екі жылға шартты сотталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "колледждің сырттай оқу бөлімінің мемлекеттік емтихан қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары бола тұра ол төртінші курста оқитын студенттен мемлекеттік бітіру емтиханын тапсыруға және диплом алуға көмек көрсету үшін 50 мың теңге пара алған".

Атырау қалалық соты оны ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабының 2-тармағы (пара алу) бойынша айыпты деп танып, екі жылға шартты соттады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны