22.05.2007, 10:51 3162

Атырау қалалық көші-қон полициясының бастығы пара алды деген күдікпен тұтқындалды - ІІМ

АСТАНА. 22 - мамыр. Kazakhstan Today. Атырауда пара алды деген күдікпен қалалық көші-қон полициясының бастығы тұтқындалды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпарат және бұқарамен байланыс орталығының басшысы Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Өткен аптада Ішкі істер департаментінің ішкі қауіпсіздігінің және облыстың қаржы полициясының қызметкерлері Өзбекстан азаматтарының көші-қон карточкаларын жедел толтыру үшін ақша алу кезінде Атырау қалалық Ішкі істер басқармасының көші-қон полициясының бастығы қолға түсіп, тұтқындалды", - деді Бағдат Қожахметов.

Сондай-ақ, оның берген ақпараттарына сәйкес өткен аптада Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметкерлері тағы да пара алғандығы үшін Алматы қалалық полициясының бір аудандық бөлімінің қызметкерін тұтқындаған. "Ол шұғыл қызметкер болатын", - деп атап өтті Бағдат Қожахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны