05.01.2010, 17:28 3010

Атырау облысында Атырау-Кеңқияқ мұнай құбырынан ұрланған 30 тонна шикі мұнай тиелген көлік ұсталды

Атырау облысында Атырау-Кеңқияқ мұнай құбырынан ұрланған 30 тонна шикі мұнай тиелген көлік ұсталды

Атырау. 5 қаңтар. Kazakhstan Today - Атырау облысында Атырау-Кеңқияқ мұнай құбырынан ұрланған 30 тонна шикі мұнай тиелген көлік ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Оның хабарлауынша, 1 қаңтар күні таңертең 6 сағат 20 минут шамасында Мақат аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Мақат -Доссор қара жолының 8-ші шақырымында "МАЗ" көлігінен ешқандай құжатсыз 30 тонна шикі мұнай тауып, тәркіледі.

Тәртіп сақшыларының анықтауынша, көлік жүргізушісі Атырау қаласында уақытша тұрып жатқан Өзбекстан Республикасының азаматы, шикі мұнайды "Мақат -Доссор" қара жолынан 450 метр жердегі Атырау-Кеңқияқ мұнай

құбырын кесіп ұрлаған. Қазіргі кезде осы қылмысқа қатысты күдіктілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны